Бұған дейін БАҚ-та Ресей спортына қатысты қазіргі жағдай жан-жақты зерделеніп, спортшыларды жарыстан шеттетудің саяси астары, тіпті спорт қауымдастығының өзара сөз байласу жағы да талқыға салынды. Дегенмен, соңғы жорамалдарда WADA сияқты ұйымның жеке мүдде үшін құрылды деген болжам бар. Ұлыбританияның мүддесі үшін... Ия, тура осындай теориялар бар. Ол сөздің жаны бар сияқты.
Алдымен ұйым басшысы Крейг Ридиге назар аударған жөн. Британдық функционер әрі Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі WADA-дағы қызметіне 2014 жылдың басында кіріскен болатын. Ол Сочи Олимпиадасына тура бір ай қалғанда келген. Қазіргі дау-дамай да осы Олимпиададан басталған.
WADA Ресейді Олимпиададан 4 жылға шеттетті: танымал спортшылар не дейді
Әрине, ондай тұспалдар аздық етеді. Теорияны дәлелдеу керек. Дегенмен, статистикалық мәліметтерге сүйенуге болады. Ал статитика ешқашан қателеспейді.
Сонымен, төменде WADA құрылғанға дейін Ұлыбритания спортшылары қатысқан бес олимпиаданың нәтижесі көрсетілген. Сонсоң ұйым құрылғаннан кейінгі медальдардың тізімі берілген. Комментарий жасамауға да болатын тәрізді. Себебі бәрі анық көрініп тұр.
1996 жылы Ұлыбритания 1 Олимпиада алтынын ұтып алса, WADA құрылғаннан кейін бірден 11 алтынға ие болған. Ал соңғы Рио Олимпиадасында бақандай 27 алтын медальді жеңіп алды.
Ұлыбританияның командалық тізімдегі орны да бірден өзгеріп шыға келді. 2000 жылға дейін осы елдің құрамасы 9-шы орнынан жоғары көтерілмесе, 2016 жылда біртіндеп 3-ші орынға көтерілді. Ал, ең қызығы, Ұлыбритания допинг дауына мүлдем ілікпеген. Осы орайда бір сұрақ туындайды. Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігі біреудің мүддесін қорғап отырған жоқ па?
Әрине, бұның бәрі сәйкестік болуы да мүмкін. Дегенмен, ресейлік спортшыларға қатысты қазіргі жағдай осындай ойға жетелейді.
Ресейдің Олимпиада және Паралимпиада комитеттері РУСАДА-мен сан алуан конференцияларда арыз беру мәселесін талқылап жүргенде тергеу комитеті өз мәлімдемесін жасады. Оның мәліметіне сәйкес, мәскеулік допингке қарсы зертхананың экс-басшысы Григорий Родченков WADA-ға спортшыларға қатысты баламалы мәліметтер базасын беріп жіберген. Ол база АҚШ пен ГФР-ге де қолжетімді болған. Соның арқасында тексерістердің нәтижесін оп-оңай өзгертуге болатын еді. Осыған қатысты WADA-ның жауабы тым қысқа болды.
Келесі жылы көктемде Ресейдің айналасындағы допинг дауына нүкте қойылады деген болжам бар. Бірақ ол кезде Олимпиада ойындарына бірнеше ай ғана қалады.