Оқиға

Тоқаев барлық әуе компаниясының жұмысын тексеруді тапсырды

© AFP 2024 / LIU JIN Самолет в небе, архивное фото
Самолет в небе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Алматы түбіндегі әуе апатынан кейін бірқатар тапсырма берді, оның ішінде ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау да бар  

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы барлық әуе компаниясының жұмысын тексеруді, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент премьер-министрдің, президент әкімшілігі басшылығының, қауіпсіздік кеңесі хатшысының, бас прокурордың, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, сондай-ақ министрлердің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті.  

Мамин: Қаза болғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден бөлінеді

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасыларына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек беріледі.

28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді.

Мемлекет басшысы кеңес барысында:

  • Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге;
  • "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға;
  • Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компаниясының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.

 

Жаңалықтар
0