Оқиға

Танымал адвокат ұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтып берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАйман Умарова
Айман Умарова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғаушы апатқа ұшыраған "Алматы - Нұр-Сұлтан" бағытындағы Bek Air ұшағының билетінен соңғы сәтте бас тартқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Танымал қазақстандық адвокат, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова ұшақ апатынан аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен аманмын. Бұл рейске отыруым керек еді. Көмекшімді жібердім, алайда соңғы сәтте Көкшетау арқылы Петропавлға ұшатын болдым. Жағдай осындай. Ол рейспен ұшпадым. Қазір соттамын. Демек, мен әлі керек болғаным ғой", - деді адвокат Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07:22-де болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 15 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кімдер зардап шекті?

103 қызметіне суық хабар таңғы сағат 07:43-ке түскен. Оқиға орнына Алматы облысындағы жәдел жәрдем қызметінің 16 бригадасы – Талғар ауданының 5 бригадасы, Іле ауданының 6 бригадасы, Боралдай ауылының 2 бригадасы, Еңбекшіқазақ ауданының 3 бригадасы шұғыл жеткен. Жалпы, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге Алматы қаласының жәдел жәрдем қызметінің 35 бригадасы жұмылдырылды. Сондай-ақ апат орнына екі нейрохирургиялық бригада барды.

© Sputnik / Тимур БатыршинҰшақ апаты болған жер
Танымал адвокат ұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтып берді - Sputnik Қазақстан
Ұшақ апаты болған жер

"Алматы және Алматы облысының (Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары, Алматы қаласының көпбейінді клинкалық ауруханасы) стационарлары зардап шеккендерді қабылдауға дайын", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер қайда жеткізілді?

5 жолаушы ауыр жағдайда Алматыдағы көпбейінді клиникалық ауруханаға, сондай-ақ шұғыл медициналық қызмет көрсету балалар орталығына түрлі жарақаттармен 8 бала жеткізілді.

Шұғыл медициналық қызмет көрсету ауруханасына 5 адам жатқызылды.

Алматы қаласының № 4 клиникалық ауруханасына ауыр хәлде 17 жолаушы жеткізілді.

Жаңалықтар
0