Қоғам

Мамин: Қаза болғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден бөлінеді

© Sputnik / Абзал КалиевАскар Мамин
Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр ұшақ апатының себептеріне толық тергеу жүргізуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен "Bek Air" әуе компаниясы ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша үкімет комиссиясының отырысы өткізілді.

"Алматы облысындағы ұшақ апаты барлық қазақстандық  үшін аса қайғылы хабар болды. Өкінішке қарай, адамдар қаза тапты, зардап шеккендер көп", — деді Мамин.

Үкімет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, ал зардап шеккендерге тезірек сауығуды тіледі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, зардап шеккендерге қажетті қаржылай көмек көрсетіледі", — деді премьер-министр. 

Мамин ішкі істер министрлігіне "Bek Air" әуе компаниясы ұшағының құлауына байланысты толық сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуді, денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің тезірек сауығып шығуы үшін барлық шараны қабылдауды тапсырды. 

Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан кейін шұғыл кеңес өткізді

"Апат себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия 2020 жылдың 10 қаңтарына қарай өз жұмысының алдын ала қорытындыларын ұсынуы тиіс", — деп нақтылады ол.

Алматыдағы трагедия

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын растады. Көз жұмғандар арасында генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров пен республикалық интернет-порталдың шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтып, кінәлі адамдар қатаң жазаланатынын жеткізді. Президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады. 

Жаңалықтар
0