Қоғам

"Әйелім жылап жіберді": 3 баланың әкесі ұшақтан қалай қалып қойғанын айтты 

© Sputnik / Тимур БатыршинПадение самолета под Алматы
Падение самолета под  Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апатқа ұшыраған ұшақтан қалып қойған қазақстандықты таныстары "екінші туған күнімен" құттықтап жатыр, бірақ ол бұған мүлдем қуанбағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Апатқа ұшыраған "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағынан қалып қойған жолаушы Sputnik Қазақстан тілшісіне не жағдай болғанын айтып берді.

Асхат Өтепов ұйықтап қалып, Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтан қалып қойған. Ер адам рейске онлайн режимінде тіркеліп, әуежайға таңертеңгі 5-те бармақ болыпты. Оны қонақ үй қызметкерлері оятқан, оятқышты да қойған екен. Алайда Өтепов қайта ұйықтап кеткен.

"Намаз оқып жаттым": Астаналық жігіт құлаған ұшаққа неге отырмағанын айтты

"Соңғы екі жылдың ішінде алғаш рет ұйықтап қалып, рейсті жіберіп алдым. Таңертең 8.30-да трагедия жайлы естідім. Туған бауырым мені бортта болды деп ойлапты. Сосын ол маған сілтемелерді жібере бастады, есеңгіреп қалдым. Маған қоңырау шалып, бүгін екінші туған күнім екенін айтып жатыр. Барлығы Алла тағаланың қалауымен, маған екінші мүмкіндік берді. Бірақ мен мұндай күні қуанбаймын, өйткені бұл біздің еліміз үшін зор қайғы", - деді Өтепов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ол садақа беретінін жасырмады. Асхат Өтепов 34 жаста, үйленген, үш баласы бар.

"Әйелім таңертең біліпті, ол қоңырау шалып, жылап жіберді. Бәрі жақсы, ұйықтап қалдым дедім. Күні бұрын ештеңе сезген жоқпын", - деп толықтырды ол.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

 

Жаңалықтар
0