Әлем

Санкциялар "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын салып бітіруге кедергі болмайды - министр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСтроительство газопровода
Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ президенті 20 желтоқсанда 2020 жылғы қорғаныс бюджетіне қол қойды, оның ішінде Ресей мен Түркияның газ құбырларына қарсы санкциялар қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры санкцияларға қарамастан салынады.

Бұл туралы РБК газетіне берген сұхбатында Ресейдің энергетика министрі Александр Новак айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Төсейтін 160 километрдей құбыр қалды", - деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру картасы - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Нұр-Сұлтанға газ тарту қалай жүріп жатыр - карта
Оның сөзінше, швейцариялық Allseas компаниясы өз жұмысын бітіре алмайды деп айтуға әлі ерте, ол санкцияларға байланысты АҚШ-тың қаржы министрлігінен түсініктеме күтуде.

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 желтоқсанда 2020 жылғы қорғаныс бюджетіне қол қойды, оның ішінде "Солтүстік ағын – 2" және "Түрік ағыны" газ құбырларына қарсы санкциялар қарастырылған.

АҚШ мердігер компаниялардан дереу құрылысты тоқтатуды талап етті. "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын салып жатқан Allseas жұмысты тоқтатты.

Жаңалықтар
0