Экономика

Қазақстан мен Ресейге бірлескен кәсіпорындар құру неліктен тиімді?

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАвтозавод, архивное фото
Автозавод, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір жылда бес жүз жаңа қазақстандық-ресейлік кәсіпорын ашылды, ең көп капиталды қажетсінетін жобалар өнеркәсіп өндірісімен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының саны жыл сайын артып келеді. 2019 жылдың өзінде осындай 500 компания құрылды. Жалпы олардың саны 10 мыңнан асады, 6,5 мыңы белсенді жұмыс істеп тұр. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі Максим Кочетков Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бірлескен кәсіпорындар құру екі елге неліктен пайдалы екенін айтты.

© Sputnik / Владислав ВодневРесейдің Қазақстандағы сауда өкілі Максим Кочетков
Қазақстан мен Ресейге бірлескен кәсіпорындар құру неліктен тиімді? - Sputnik Қазақстан
Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Максим Кочетков

"Бірлескен кәсіпорындар – бұл, ең алдымен, логистика, еңбек шығындары, салық салу. Жасыратыны жоқ, көбінесе шығындардың 60-80%-ы тек логистикаға жұмсалады. Ресейде дайын тауар шығарып, оны Қазақстанға әкелу тиімдірек дейтін адамдарға: бұл бизнес-жобаға және бизнес-жоспарға байланысты дер едім. Экономиканы мұқият қарастырып, болашақты ойластырған жөн. Егер бұл жаһандық даму мақсаттары мен міндеттері бар перспективалы жоба болса, экспорт жоспарланған елде бірлескен өндірісті дамыту тиімдірек. Сондай-ақ өз серіктестерімен ынтымақтастықты жолға қою керек", - деп түсіндірді Кочетков.

Қазақстанға келетін болсақ, республикадағы ең көп капиталды қажет ететін жобалардың қатарында ірі өнеркәсіптік өндірістерді атауға болады:

  • "Ростсельмаш" ААҚ сататын комбайндарды, тракторларды және басқа ауылшаруашылық техникаларын құрастыру.
  • "АвтоВАЗ" ААҚ жүзеге асыратын автомобиль құрастыру зауытын салу және "Азия-Авто" АҚ жеңіл автокөліктерін өндіру.
  • "КамАЗ" ААҚ басқаратын "КамАЗ-Инжиниринг" АҚ кәсіпорнында "КамАЗ" маркалы көліктерді құрастыру және сервистік қызмет көрсету.
  • "ЕвроХим" компаниясы жүзеге асыратын минералды тыңайтқыштар өндіретін химиялық зауыттың құрылысы.
  • "Газпром нефть" ЖАҚ жүзеге асырған жанармай құю станцияларын салу жобасы.

"Жаз басынан бері өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірқатар маңызды бірлескен жоба жүзеге асырылды. Аумағы 3000 шаршы метрге жуық "Кировец" тракторларын құрастыратын жаңа цех іске қосылды, 500-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Инвестиция көлемі – 4,5 миллион АҚШ доллары. "Лукойлдың" майлау материалдары өндірісі бойынша жаңа зауыты ашылды, бұл шамамен 200 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Инвестиция көлемі – 94 миллион доллар", - деді Кочетков.

Сауда өкілдігінің басшысы сонымен бірге 2019 жылдың көктемінде Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына қол қойылып, өнеркәсіп саласындағы Ресей-Қазақстан екіжақты жобаларының тізімі бекітілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Бұл бағыттардағы жұмыс қызу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0