НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген Қытайда 2019 жылдың үздік шетелдік әртісі атанды. Бұл жайында "Internet Bull Ears 2019" сыйлығының қорытындысы бойынша белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Орындаушы ұйымдастырушыларға шығармашылығын жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді.
"Сыйлық үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі ретінде марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларға және қытайлық командама рахмет айтамын", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парағында.
Бұған қоса, әнші салтанатты рәсімде ата-анасына әрі қазақ халқына қолдау көрсеткендері үшін алғысын жаудырды. Димаш өз сөзінде Dears фан-тобын да атап өтіп, оларға сәлемін жолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram