Саясат

Назарбаев Путинмен қалай дауласқанын айтты

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев и Владимир Путин
Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путин әріптестері мен достарының пікірін тыңдай алады, деп әңгімеледі Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РИА Новости басылымына берген сұқбатында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесулері қалай өткенін айтып берді.

Елбасының айтуынша, екеуінің арасында сенімді қарым-қатынас орнаған. Әр кездесу бекітілген регламент шегінен асып, хаттама бойынша бөлінген уақыт та жиі созылып кетеді.

"Біз мәселелерді жиі талқылаймыз, пікір алмасамыз, кейде дауласамыз, өз ұстанымдарымыздың дұрыстығын дәлелдеуге тырысамыз. Бұл Еуразияның екі ірі мемлекеті басшыларының жұмыс барысы. Пікірталастан ақиқат туындайтыны белгілі", - деп атап өтті Назарбаев.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы Ресей президенті атанған Путиннің сол кезде-ақ мол саяси тәжірибесі болғанын айтты.

"Сондай-ақ, ол ашық болды, ол достары мен әріптестерінің пікірін тыңдауға дайын болды", - деп толықтырды Қазақстанның тұңғыш президенті.

Елбасы Ресей президентінің уәдесін алу оңай емес екенін де жеткізді.

Тағы оқыңыз: Жаңа жылда қазақстандықтарды алғаш рет Назарбаев құттықтамайды

"Путин үшін өз уәдеңді орындау – ар-намыс ісі. Дегенмен, оның уәдесін алу оңай емес екенін атап өткім келеді. Владимир Владимирович - нағыз достықтың құнын білетін адам", - деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0