Аңдатпа

Қазақстанда 26 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевКатание на тюбингах с ледяной горы
Катание на тюбингах с ледяной горы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 26 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 27 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

11.00 – "TT Aspandau" пікірталас клубының отырысы өтеді. Отырыс тақырыбы – "Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысындағы саяси шешімдері: мәселелер немесе болашақ". Жиынға AlmaU президенті, "Қазақстан Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов, "Aspandau" ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов, саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым қатысады. Шара модераторы – "Aspandau" қамқоршылық кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Бейбіт Әпсенбетов ("Алматы" қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 85. Аккредитация: + 7 707 327 10 01, +7 727 327 10 05).

18.30 – "Щелкунчик" балеті қойылады. Сондай-ақ, бал-маскарад өтеді (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

19.30 - New Year with BT Concerts концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

28 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – "Астана" баскетбол клубының ойыншылары жанкүйерлерімен кездеседі (Keruen City сауда-ойын-сауық орталығы).

29 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – фортепианошы, АҚШ, Италия және Францияда өткен халықаралық жарыстардың лауреаты Жанар Сулейманованың кеші өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –"Хор Турецкого" арт-группасының концерті (Республика сарайы).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – "Трансформеры в поисках планеты" жаңа жылдық шоуы өтеді ("Астана" концерт залы (бұрынғы "Конгресс-Холл"). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

11.00 – "В поисках Деда Мороза" жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен "Астана Опера" хорының гала-концерті өтеді ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0