НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Үш жүз аққаладан тұратын инсталляцияны қиратқан елордалық жоғары оқу орнының студенті болып шықты. Нұр-Сұлтан полицейлері вандалды ұстады.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 желтоқсанда 20 жастағы студент Ботаника бағындағы бірнеше аққаланы қиратқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қазіргі уақытта Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жас жігіт бұл әрекеті үшін өкінетінін айтып, қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, ол өзі қиратқан мүсіндерді қалпына келтіруге уәде берген.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл қарсаңында бой көтерген өнер нысандарына құрметпен қарауға шақырған болатын.