Қоғам

Мамин ауа райының бұзылуына байланысты тапсырма берді

© Photo : министерство внутренних дел Республики Казахстан11 машин столкнулись на трассе в Актюбинской области. 22.12.2019
11 машин столкнулись на трассе в Актюбинской области. 22.12.2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен аптада республикада 104 жол апаты болып, салдарынан 39 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктер мен министрліктерге ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өткен аптадағы жол қауіпсіздігінің жай-күйі туралы баяндады. Айтуынша, өткен аптада ауа райына байланысты жолдағы жағдай нашар болған. Күннің күрт жылынуына орай, қар мен жаңбыр жауып, тұман басты, 11 облыста жол жабылды.

"БАҚ және SMS арқылы жолға шықпау туралы хабарлама таратылды. Бірақ осы ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізуші жолға шықты. Министрліктің жедел мәліметінше, 16-22 желтоқсан аралығында елде 104 жол апаты тіркелді. Салдарынан 39 адам көз жұмып, 158-і түрлі жарақат алды", - деді Тұрғымбаев.

Ол республиканың сегіз облысында ауа райы әлі құбылмалы екенін атап өтті. Олар: Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

"Осыған орай, облыс әкімдерін жағдайды бақылауға алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірге күш жұмсауға шақырамыз", - деді министр.

Ішкі істер министрінің баяндамасынан кейін премьер-министр Асқар Мамин құзырлы органдарға жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

35°C аяз: синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

"Болжамдарға сенсек, алдағы уақытта ауа температурасы төмендейді. Осы ретте жолдағы жылыту және тамақтану пунктері дайын болуы керек. Өңірлердің әкімдіктері осы мәселені бақылауда ұстауы тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" компаниясы жолдарды қар мен мұздан тазарту үшін техниканы барынша тартуы тиіс. Ішкі істер министрлігі автожолдарда кезекшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырсын", - деді үкімет басшысы.

 

Жаңалықтар
0