Өңірлер

Түркістанда жолақы қымбаттауы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың пікірінше, 70 теңге Қазақстан бойынша ең арзан жолақы саналады

АЛМАТЫ, 23 желтоқсан - Sputnik. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Түркістан облысында қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауына қатысты ойын айтты.

Оның мәліметінше, Қазақстанның басқа қалалары арасында ең арзан жолақы осы аймақта екен. Қала басшысы егер бағаны көтермесек, жүргізушілер жұмысқа шықпайды, салдарынан жергілікті тұрғындар қоғамдық көліксіз қалады дейді.

"Бұған қоса, осында жұмыс істейтін біздің жерлестер, біздің жүргізушілер жұмыссыз қалуы мүмкін. Біз жаңғыртылған келісімшартты қолдауға дайынбыз. Бірақ, халықтың сөзін ескере отырып, біз он талап қойдық. Біз осы талаптарды орындауға келісетін компаниямен ғана жұмыс істейміз", - деп жазды Рашид Аюпов Facebook желісіндегі парағында.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан қаласында қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауы мүмкін екені хабарланған болатын. Тасымалдаушылар жолақыны 50 теңгеден 70 теңгеге ұлғайтуды жоспарлаған еді. Бағаның өсуінің негізгі себебі – отын құнының шарықтауы. Бұл мәселе әзірге нақты шешілген жоқ және оны депутаттар қарап жатыр.

Атап өтсек, қазір бүкіл аймаққа тек бір көлік компаниясы қызмет көрсетеді. Компанияның 275 автобусы бар.

Тағы оқыңыз: Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды

Жаңалықтар
0