Аңдатпа

Қазақстанда 24 желтоқcанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан зимой
Виды города Нур-Султан зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 24 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 25-27 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

24 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы өтеді. Отырыста ҚР экологиялық кодексінің жобасы талқыға салынады (Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі)

15.00 – "Трансперенси Қазақстан" қоғамдық қорының үндеуінде көтерілген мемлекеттік меншікті пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі кеңес (Парламент сенаты, 212-кабинет).

19.00 –"Шелковая лестница" операсы ("Астана Опера" театры, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 12/1).

19.00 –"Жұлдызды мюзикл" концерті. Сахнада Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі, Алтынай Жорабаева, Жанар Айжанова, Әлішер Каримов, Рахымжан Жакайым, Аргония және тағы басқа әншілер өнер көрсетеді ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

АЛМАТЫ

12.00 – Ұлттық тұтынушылар лигасының баспасөз мәслихаты өтеді. 2019 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылады (Қазақстан пресс-клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58. Аккредитация+7 747 262 20 63 телефоны арқылы немесе akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

17.00 – "Каникулы off-line 2" комедиясының алдын ала көрсетілімі өтеді (Chaplin Cinemas Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 263. Байланыс телефоны: +7 701 292 24 37).

25 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша дөңгелек үстел (Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік және аграрлық, табиғат пайдалану және ауыл аумағын дамыту мәселелері комитеттері, парламент сенаты, 214-кабинет).

11.00 – "Чекті талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясының ұтыс ойыны республикалық деңгейде өтеді, оның басты жүлдесі – автокөлік. Акцияны мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Wipon мобильді қосымшасын қолдану арқылы осы жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында өткізді. Акция кезінде қатысушылар онлайн режимінде 2, 739 миллиард теңге сомасына 500 мыңға жуық чек жіберді. Акцияға қатысушылардың арасында күн сайын ұтыс ойыны өткізілді, 3 512 жеңімпаз анықталды, олардың ұялы телефонына 5 000 теңгеге дейін бірлік жіберілді (Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті. Аккредитация +7 (7172) 70 99 40 телефоны немесе kgd.pressa@gmail.com, aya.kazbekova@kgd.gov.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 – Сенаттың қаржы және бюджет комитеті депутаттарының қаржы министрімен салық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 212-кабинет).

15.00 – Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін және басқа да субъектілерді субсидиялау мәселелері бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 214-кабинет).

АЛМАТЫ

10.00 – "Когда полетом стрел отмеривался путь. Золотой человек. Курган Иссык" тақырыбында Оксана Танскойдың лекциясы өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0