Саясат

Бас прокурор Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді

© Sputnik / Владислав ВодневАстана, виды города
Астана, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев бас прокурормен кездесуінде қоғам өміріндегі барлық салада заң үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында бас прокурор Қазақстан президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Жала жабу" қылмыс қатарынан шығарылады – Тоқаев

Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

Жаңалықтар
0