Әлем

ЕҚЫҰ өкілі Sputnik Эстония қызметкерлеріне қысым жасамауға шақырды

© AFP 2024 / STRINGERЕҚЫҰ туы мен логотипі, иллюстративті сурет
ЕҚЫҰ туы мен логотипі, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арлем Дезир Еуропа одағы аумағында агенттікке қатысты ешқандай санкция енгізілмегенін де атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир Эстония үкіметін Sputnik Эстония журналистеріне қысым жасамауға шақырды. Бұл туралы спикер твиттерде жазды.

Өз жазбасында ол Эстония билігін "шетелдік БАҚ-тың жұмысын шектемеуге" шақырды. Айтуынша, бұл ақпараттың еркін ағымына теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Бұған дейін Sputnik Эстония Ресей Федерациясы ақпарат саясаты және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесі уақытша комиссиясының төрағасы Алексей Пушков Дезирмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған еді.

Арлем Дезир әңгіме барысында қысыммен байланысты жағдайды шешуге уәде етті. Сондай-ақ, ол Еуроодақ аумағында агенттікке қатысты ешқандай санкция енгізілмегенін атап өтті.

Sputnik Эстонияға неге қысым жасалуда

Осы жылдың күзінде Sputnik Эстония қызметкерлері үкімет пен қаржы мекемелері тарапынан қысымға ұшырады. Халықаралық банктердің Эстониядағы филиалдары жалақы, салық және басқа да төлемдерді бұғаттап тастаған. Соның салдарынан жалға беруші редакциямен кеңсені жалға алу туралы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстан журналистер одағы Sputnik Эстонияға қатысты мәселеге пікір білдірді

Желтоқсан айының ортасында полиция және шекара күзеті департаменті Sputnik Эстонияға хат жолдады. Оған сәйкес, Sputnik Эстония қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін бас ұйыммен еңбек қатынасын тоқтатып, жұмыстан кетпесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ведомстводан нақтылағандай, бұл 2014 жылы "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке қарсы енгізілген санкцияларды орындаумен байланысты. Алайда "Россия сегодня" бірде бір санцкиялық тізімге ілінбегенін, Еуроодақтың бірде бір елінде агенттіктің қызметкерлеріне қатысты мұндай шаралар қабылданбағанын атап өту қажет.

Жаңалықтар
0