Спорт

Қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

© Даурен ЕрболатҚазақ күресінен әлем чемпионы атанған Дастан Ықыбаев
Қазақ күресінен әлем чемпионы атанған Дастан Ықыбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақ күресінен әлем біріншілігінің жалпы жүлде қоры 70 мың долларды құрады. Ақша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем біріншілігіне 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақ күресінен әлем чемпионатының соңғы күні
Қазақ балуаны әлем чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан
Қазақ күресінен әлем чемпионатының соңғы күні

Бүгін қыздар 70, 75, 75+ келі салмақ бойынша күш сынасса, ерлер 90, 100, 100+ келі салмақта өзара мықтыны анықтады. Бұл күні қазақтың балуан қыздары тек жүлделі орындардан көрінді. Ал ерлер құрамасында 90 келі салмақта сынға түскен Дастан Ықыбаев қарсылас шақ келтірмей, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Ал 100 келіден жоғары салмақта қазақтың намысын қорғаған Талғат Әмренов қола жүлдені қанағат тұтты.

Кімдер жеңіске жетті

Қыздар арасында:

70 келі 

  • 1-орын Батцэцэг Цогт-Очир (Моңғолия)
  • 2-орын Гедутите Ренальда (Литва)
  • 3-орын Алтынай Хаби (Қазақстан)

75 келі 

  • 1-орын Нино Одзелашвили (Грузия)
  • 2-орын Туба Уна (Сербия)
  • 3-орын Перизат Жақыпбекова (Қазақстан)

75 келіден жоғары

  • 1-орын Елена Кебадзе (Грузия)
  • 2-орын Нямху Нямтуа (Моңғолия)
  • 3-орын Нагира Сарбашова (Қырғызстан)

Ерлер арасында:

90 келі 

  • 1-орын Дастан Ықыбаев (Қазақстан)
  • 2-орын Торнике Жугели (Грузия)
  • 3-орын Нұрислам Ыдырысов (Қырғызстан)

100 келі 

  • 1-орын Тілек Құралов (Қырғызстан)
  • 2-орын Георгий Кобаидзе (Грузия)
  • 3-орын Мансалмаа Мунхчулуун (Моңғолия)

100 келіден жоғары

  • 1-орын Дорж Анар (Моңғолия)
  • 2-орын Давити Размадзе (Грузия)
  • 3-орын Талғат Әмренов (Қазақстан)

Айта кетейік, елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен өткен VIII әлем чемпионатында 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлдеқоры – 75 мың доллар, бұл шамамен 28 миллион теңге.

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақ күресінен әлем чемпионаты
Қазақ балуаны әлем чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан
Қазақ күресінен әлем чемпионаты

Кеше де ерлер мен қыздар үш-үш салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Алайда бұл күні тек 60 келіде белдескен қазақ балуаны Архат Қайырбеков алтыннан алқа тақты. Отандасымыз моңғолиялық балуаннан айласын асырып, әлем чемпионы атанды.

Әлем біріншілігі UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өтті.

Қазақ күресінен VIII әлем чемпионатын біріккен күрес әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.

Жаңалықтар
0