Саясат

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Абзал КалиевПрезиденттің резиденциясы Ақорда
Президенттің резиденциясы Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Роман Василенко сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Енді ол Қазақстанның Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.

Нұрлан Сейтімов сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының жарлығымен ол Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті зейнетке жіберді

Сонымен қатар, Тоқаевтың жарлығымен:

  • Қазақстанның Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі Аркен Арыстанов Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;
  • Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Байжанов Қазақстанның Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтар
0