Қоғам

"Бұл бәрібір болатын нәрсе": Президент митинг туралы пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевМитинг 16 декабря в столице
Митинг 16 декабря в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Конституцияға сай, митингіні ұйымдастырудың ескерту принципін енгізуге кірісу керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қоғамдық санаға митинг мәдениетін сіңіретін кез жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қоғамдық санаға митинг мәдениетін сіңіретін кез жетті. Қоғам да, мемлекет те позицияны жария түрде білдіруге дұрыс қарауы керек. Бұл бәрібір де болатын нәрсе, сондықтан оған мәжбүрлі түрде емес, өздігінен, саналы түрде келген дұрыс", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Тағы оқыңыз: Тәуелсіздік күніндегі митингілер: қанша адам ұсталды - фото 

Президент Конституцияға сай, митингіні ұйымдастырудың ескерту принципін енгізуге кірісу керектігін атап өтті.

"Митингіге рұқсат етіледі, егер ол заңды, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі келтірмесе. Бұл менің түбегейлі ұстанымым. Сіздер оны білесіздер, біз оны заңнамалық түрде бекітеміз", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев митинг тек құқық қана емес, жауапкершілік екенін де айтты. Президенттің қыркүйектегі жолдауын іске асыру бойынша жоспарды орындау ясында "Бейбіт жиындар" туралы заң жобасы әзірленген. Құжатта бейбіт жиындардың барлық формасы айқындалып, арнайы орындарды анықтау боынша мәслихаттардың құзыреті белгіленді. Сонымен қатар, ұйымдастырушы, қатысушы және бақылаушы мәртебесі түсініктері енгізіліп, олардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

"Бұл жерде қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы емес, концептуальды жаңа заң туралы сөз болып отыр. Үкімет заң жобасын парламенттің қарауына енгізуі керек", - деді ол.

 

Жаңалықтар
0