Әлем

Анасы танымай қалды: Қыздың өмірге деген құштарлығы жұртты таңғалдырды

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Англиядағы Бакингемшир графтығының тұрғыны 1,5 жылда адам танымастай өзгерді. Ол 96 келі салмақ тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан — Sputnik. Англияда Принцес-Рисборо қаласының тұрғыны бір жарым жылда 96 килограмм салмақ тастады, деп жазды The Mirror.

38 жастағы Элизабет Уоткинс (Elizabeth Watkins) дұрыс тамақтанбай, артық салмақ жинаған. 36 жасында Уоткинстің салмағы 171 килограмға жетіпті. Салдарынан өзі жүре алмайтын халге түскен. Ағылшын әйел өзінің сыртқы келбетінен ұялып, далаға шығудан қалған.

Тағы оқыңыз: Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты

2017 жылы Элизабет Уоткинс өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдайды. Дәрігерлер оның асқазанына ота жасайды. Содан соң, бір жыл бойы күніне 700 калорияның тамағын жейді. Осылайша, ай сайын алты килограмнан салмақ тастап отырған. Келесі жарты жылда күндізгі тамақтану рационын 1200 калорияға дейін жеткізіпті.

Нәтижесінде 1,5 жылдың ішінде Элизабет Уоткинс 96 килограмм артық салмақтан арылып, адам танымастай өзгереді. Оны жақындары мен достары, тіпті анасы да танымай қалыпты. Қазіргі салмағы – 75 килограмм.

Сондай-ақ Уоткинс бүгінде алғаш рет жігітпен кездесіп жүргенін айтады. Тіпті, сүйіктісі оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасапты.

Жаңалықтар
0