Қоғам

Министр қабылдауына барғысы келген ректордың заңсыз әрекеті әшкере болды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ғылым қоры" басқармасының бұрынғы төрағасы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорынан 5 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан — Sputnik. Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Ғылым қоры" басқармасының бұрынғы төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ғылым қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген.

"Ол білім министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Едірісовтан 5 мың доллар көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Ал осы жылдың 18 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Сұлтанғазин кінәлі деп танылды. Оған 57 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қызылорда облысында майор әйелдің қылмысы видеоға түсіп қалды

Сондай-ақ, соттың үкімімен Сұлтанғазин өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Жаңалықтар
0