Кеңес одағының 28 жыл бұрынғы құлдырауы Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты ұзақ есте болады. Республикалар ауқымды дағдарыстар салдарынан бір-бірінен ажыратылғаны белгілі.
Дегенмен алғашқы посткеңестік жылдары "Үлкен одақ" жаңа тұжырымдармен реформаланады деген болжам сақталды. Осыдан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ықпалдасу талпыныстары деп түсіндіріледі.
Бұл қалай басталды
1990-1991 жылдардағы басты экономикалық проблема – валюта қорларының жоқтығы. 1989 жылы КСРО-да бюджет дефициті жалпы ішкі өнімнің 10%-не дейін жетті. Бұған қоса, Дүниежүзілік банк пен G7 елдерінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша берешек біршама өсті, жаңа зайымдар да көбейе түсті.
Сонымен қатар, бұған 1970-жылдары шешімін таппаған проблемалар қосылды. Мысалы, тұтынушылар тауарларының, оның ішінде тұрмыстық техниканың жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығын дамытудағы қиындықтар (азық-түлік пен бидай импортына тәуелділік) және тағы басқа.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы осы проблемалардан алыстау әдісі ретінде пайда болды. Яғни, бұл проблемаларды тастап, Кеңес одағының негізгі басымдықтарын сақтап қалу. Бірлестіктің идеализмі мен парадоксы осы жерде.
Республикалар саяси егемендік пен өз валюталық-экспорттық саясатына мүмкіндік алып, Мәскеуден тәуелсіз мемлекеттік бюджеттерді толтыру каналдарына қол жеткізді. Бірақ бұрынғы Одақ қиындықтары ешқайда кетпейтіні жылдам анықталды.
Ал бірқатар аймақта, мысалы Орталық Азияда және Оңтүстік Кавказда жағдай одан әрі қиындады.
Осы ретте бұрынғы мәсекеулік "басқару орталығының" ваккумын сыртқы күштер толтырды. Бір жағынан, Батыс пен басқа дамыған донорларды тартуға талпыныс жаңа ұлттық элиталарға даму импульстерін алуға мүмкіндік берсе, басқа жағынан, қауіпсіздік бойынша көптеген тәуекел пайда болды.
Сондықтан Тәуелсіз мемлекеттер достастығының өңірлік тұрақтандыру сценарийлерін жасай алатын клуб ретіндегі маңызы анық болды.
ТМД-дан ЕАЭО-ға дейін
Бес жыл бұрын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңестігінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрылды. Мәскеу бірден Еуроодаққа координациясын ұсынды. Себебі Еуроодақ – ЕАЭО үшін маңызды әріптес, батыс өркениетінің көшбасшы құрылымы.
Қазіргі таңда Ресей маңындағы бұрынғы экономикалық шекаралар толығымен жойылып кеткен. Жаңа кезең басталады. Бұл күрделі геосаяси жағдайлардағы толыққанды, заманауи ықпалдастық.
Жақын арада Еуразиялық экономикалық одақта арнайы ақпараттық технология әзірленеді.
Ол одақ кәсіпкеріне бірлескен экспорттық орталықтардың мәліметтер базалары арқылы әріптестерді барынша жылдам табуға, инфрақұрылымдық банктердің қажетті кредиттік қолдауын алуға, ыңғайлы логистикаға (жеткізу және қойма қызметтері) қол жеткізуге, төлемдерді ұлттық валютада жасау жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұндай жүйе 2024 жылы жасалмақ. Осы уақытқа дейін көптеген онлайн қызметтер дайын болады деп жоспарланып отыр.
Әрине, бұның бәрі Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді ықпалдастық жобасы ретінде, посткеңестік инерцияны еңсерген Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ізбасары ретіндегі тартымдылығының өсуіне ықпал етеді.