Бибігүл Төлегенованың өмірі әрдайым сүйікті ісі – концерттер, гастрольдер, ән орындаулар мен кездесулерге толы.
Талантты қыз шығармашылық жолын Алма-Атадағы Қазақ консерваториясының вокал-хор факультетінің студенті болған кезден бастады. Әнші Қазақ радиосында солист болып жұмыс істеді, онда танымал халық және эстрада әндерін орындады.
Тағы оқыңыз: Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды: "Әдемі қартайып келемін
Одан кейін Алма-Атадағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі труппасында солист болды.
Халық әртісі бүгінгі күнге дейін шығармашылықпен айналысады. Әншінің мол тәжірибесі сұранысқа ие, және де ол шеберлік құпиясымен бөлісіп, кеңестері мен ақылдарын аямайды.
Тағы оқыңыз: Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова "Барыс" орденімен марапатталды - фото
Тамаша дауыс иесі, халықтың сүйіктісі Бибігүл Төлегенова шығармашылығының архив кадрларын қараңыздар.
Опера әншісі Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Семипалатинск қаласында (қазіргі Семей) туған.

Әнші білім алып жүріп, 1951 жылы Қазақ радиосында солист болып жұмыс істеген. Ол онда танымал халық және эстарада әндерін орындаған.

Үш жыл өткен соң Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры солисі болды.

1956 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Қазақ филармониясы труппасының солисі болды.

Әнші орекстр труппасымен бірге бүкіл КСРО-да гастрольде болды. 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты атанды.

Атақты әнші еңбекқорлығы, адалдығы және қайсарлығының арқасында өмірі мен шығармашылығында биік шыңға жетті.

Әнші репертуары алуан түрлі әрі бай: "Гауһар тас", "Жиырма бес" халық әндері, қазақ композиторларының шығармалары, атап айтсақ, Л.Хамидидің "Бұлбұл", Е.Брусиловскийдің "Қос қарлығаш", М.Төлебаевтың "Еске алу", Е.Рахмадиевтің "Тарантелла", С.Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", П.И.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.Римский-Корсаков операларынан ариялар, батыс композиторларының туындылары (Г.Доницетти, Э.Григ, Ф.Шуберт) пен басқалар.
Әнші репертуары алуан түрлі әрі бай: "Гауһар тас", "Жиырма бес" халық әндері, қазақ композиторларының шығармалары, атап айтсақ, Л.Хамидидің "Бұлбұл", Е.Брусиловскийдің "Қос қарлығаш", М.Төлебаевтың "Еске алу", Е.Рахмадиевтің "Тарантелла", С.Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", П.И.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.Римский-Корсаков операларынан ариялар, батыс композиторларының туындылары (Г.Доницетти, Э.Григ, Ф.Шуберт) пен басқалар.
Бибігүл Төлегенованың өмірі әрдайым сүйікті ісі – концерттер, гастрольдер, ән орындаулар мен кездесулерге толы.
Бибігүл Төлегенованың өмірі әрдайым сүйікті ісі – концерттер, гастрольдер, ән орындаулар мен кездесулерге толы.
Бибігүл Төлегенова "Это было в Шугле" (1955), "Тақиялы періште" (1968), " Наш милый доктор" (1957), "Алдар Көсе" (2011) және тағы басқа фильмдерде ойнады.

Оны ұлттың мақтанышы деп атайды. Ол қазақстандық музыка өнері тарихындағы бір дәуірдің бейнесіндей.

Әнші шығармашылығы, еңбегі және қоғамдық қызметі үшін көптеген мемлекеттік наградамен марапатталды.

Бибігүл Төлегенова 1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында вокал класын жүргізеді.

Қазіргі уақытта Бибігүл Төлегенова – қазақстандықтар арасында КСРО халық әртісі атағын алған көзі тірі жалғыз әйел.

Бибігүл Төлегенова КСРО тарихында Социалистік еңбек ері атағын алған соңғы адам (ресми жарияланған жарлықтарға сәйкес).