Қоғам

Елшілік қызметкерінің өлімі: министрлік оқиғаның қалай болғанын хабарлады

© SputnikЗдание министерства иностранных дел РК В Астане
Здание министерства иностранных дел РК В Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыған дейін Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қаза тапқаны туралы мәлімет тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мысырда жұмбақ жағдайда қаза болған Қазақстан елшілігі қызметкерінің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 13 желтоқсанында күндізгі сағат 11:15-те Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың жұбайы үйінің кіреберісінен күйеуінің мәйітін тапқан.

"Ол бірінші кезекте елшілікке хабарласты. Біздің дипломаттар 5-7 минут ішінде оқиға орнына жетіп, тиісті шешімді қабылдады. Сондай-ақ оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, прокуратура мен криминалды полицияның тергеу топтары шақырылды", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Сонымен қатар Айбек Смадияров 15 желтоқсанда Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілдері қызметтік тексеріс жүргізу үшін Каирге жіберілгенін атап өтті.

Египетте Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды 

"Қазіргі уақытта Мысыр прокуратурасы бұл іске қатысты  тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шеңберінде қызметкердің мәйітіне сот-медициналық сараптама жасалды. Оның нәтижесі жақын арада Қазақстанға беріледі. Сондай-ақ сыртқы істер министрлігі дипломаттың денесі Қазақстанға жеткізілгеннен кейін қосымша сот-медициналық сарапта жүргізіледі", - деді ресми өкіл.

Ол қайғылы жағдай сыртқы істер министрлігінің ұжымына ауыр тигенін атап өтті.

"Еламан өте парасатты және жауапты адам болды, өз ісінің және араб тілінің жақсы маманы еді. Ол Мысырдың бұқаралық ақпарат құралдарына жиі сұхбат беріп, теледидардан сөз сөйлеп жүрді. Сыртқы істер министрлігі жүйесінде 2013 жылдан бастап жұмыс істеді. 2017 жылдың мамыр айынан Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі екінші хатшысы қызметін атқарды. Басшылық пен әріптестері арасында жоғары беделге ие болған", - деп түйіндеді сөзін Айбек Смадияров.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қаза тапқаны туралы мәлімет тараған болатын.

Жаңалықтар
0