НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Қанат Бозымбаевтың не үшін қызметінен кеткенін айтты.
© Sputnik / Абзал КалиевҚанат Бозымбаев денсаулығына байланысты министр қызметінен кетуге мәжбүр болды
Қанат Бозымбаев денсаулығына байланысты министр қызметінен кетуге мәжбүр болды
© Sputnik / Абзал Калиев
"Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің денсаулығы мен жуырда жасалған операция туралы айтты. Дәрігерлер көлікпен аз жүруге кеңес берген. Ұшақпен ұшуды азайтып, қалпына келу курсынан өту керектігін ескертті", - деп жазды Жеңісбек Telegram-да.
Министрдің өңірлерге жиі барып, салалық нысандар, стансалар мен кен орындарын аралайтыны белгілі. Сондай-ақ, бұл қызмет шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді талап етеді.
Энергетика министрі қызметіне байланысты Бозымбаевқа ескерту жасалмаған.
Ол президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.