НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын", - деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.
Тағы оқыңыз: Бозымбаевтың қызметінен не үшін кеткені белгілі болды
Атырау облысын бұған дейін Нұрлан Ноғаев басқарған болатын, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Махамбет Досмұхамбетов туралы не білеміз?
1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. И.М.Губкин атындағы мұнай және газ институтын тәмамдаған.
1983-1989 жылдары "Ембімұнай" ӨБ Балықшы барлау басқармасының геологы, аға геологы, бас геологы болды.
1989-1991 жылдары – "Ембімұнай" ӨБ Доссормұнай газ өндіру басқармасының геологиялық бөлім бастығы, "Мақатмұнай" газ өндіру басқармасының бас геологы.
1991-1996 жылдары – "АНАКО" АҚ "Мұнай" БК бас геологы.
1996-1997 жылдары – "Ес-бол" ЖШС директорының техникалық мәселелер бойынша орынбасары.
1997-2002 жылдары – "Ембімұнайгаз" АҚ геология бөлімінің бастығы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ менеджері, директордың орынбасары, геология департаментінің директоры, геология және игеру департаментінің директоры.
2002-2003 жылдары – "Қазмұнайгаз" ҰК ЖАҚ келісімшарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары.
2003-2004 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ БК-індегі үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары. 2006-2009 жылдары – "ҚазГерМұнай" БК ЖШС бас директорының орынбасары – бас геологы.
2009-2012 жылдары – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары.
2012-2013 жылдары – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі.
2013 жылғы қыркүйектен – "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамының бас директоры, басқарма төрағасы.
2016 жылы бірінші энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001) медалімен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен марапатталған.