НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. 77 жастағы белгілі ресейлік тележүргізуші Ангелина Вовк музыка тарихшысы Михаил Куницынға тұрмысқа шыққалы жатыр, деп хабарлайды kp.ru.
Бұл ақпаратты Ангелина Вовк растап отыр.
"Миша маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады!", - деді ол.
Тележүргізуші той жасау мәселесін әлі шешпеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Михаил Куницынның тележүргізушіден 25 жас кіші екені белгілі. Олар түрлі іс-шараларға бірге барып, бірге демалып жүр.
Ангелина Вовк бұған дейін екі рет тұрмыста болған, бірақ балалары жоқ. Дертіне байланысты сәби сүйе алмаған, бала асырап алу ойы да іске аспады.