Әлем

АҚШ пен Түркия текетіресі: ресейлік сарапшы өз бағасын берді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуФлаги Турции и США
Флаги Турции и США - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пентагон Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның америкалық әскери базаларды жабуға қатысты сөзіне үн қатты. Sputnik радиосына сұқбат берген сарапшы Владимир Фитин екі жақтың ұстанымына баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Анкараның америкалық әскери базаларды жабу туралы мәлімдемесінен кейін Пентагон Түркиямен арадағы қарым-қатынасты сақтап қалуға күш салып жатыр. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігіне осы ведомствоның өкілі хабарлады.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ санкциялары енгізілсе, Инджирлик пен Кюреджиктегі әскери базаларды жабатынын мәлімдеген болатын.

"Біздің Түркиядағы әскери күштеріміздің мәртебесі - екі жақтың ондаған жылдардың жұмыс нәтижесі. Бұл біздің НАТО-дағы одақтасымыз әрі стратегиялық әріптесіміз Түркияның өзін қорғауға көмектесуіміздің символы іспетті... Министрлік осы қарым-қатынасты сақтап қалуға күш салып келеді. Сонымен қатар, біз С-400, Сирия және тағы басқа келіспеушіліктері бар мәселелер бойынша Түркиямен конструктивті саясат жүргізуге әзірміз", - дейді Пентагон өкілі.

Тағы оқыңыз: АҚШ-тың санкциясына Түркияның жауабы қандай болмақ

Түркияның Адана провинциясындағы Инджирлик әуе базасын АҚШ әскери әуе күштері қолданып келеді.

Ал Малатья провинциясындағы Кюреджик ауданында радиолокациялық база орналасқан.

Зымыран шабуылын анықтайтын бұл база НАТО-ның бірыңғай қорғаныс жүйесіне кіреді.

Sputnik радиосына сұқбат берген Ресей стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Владимир Фитин Анкара мен Вашигтон текетіресі көптен бері жалғасып келе жатқанын жеткізді.

"АҚШ-тың Түркияға қарсы күресі көптен бері жалғасып келеді. Негізгі мақсат - оны НАТО-ның бірыңғай коллонасына қою. Сонда Түркия жеке мүддесін ашық айта алмайды. Енді, кімнің жүйкесі тез тозады, жағдай солай қарай өзгереді. Бірақ таразының екі жағында екі түрлі нәрсе тұр. Бір жағынан америкалықтар Түркия Вашингтонның нұсқауына толығымен бағынса екен дейді. Ал екінші жағынан олар Түркия әскери күші НАТО-да екінші орында екенін жақсы түсінеді. Ол ұйымның шығыс қапталын қамтамасыз етіп отыр", – дейді Фитин.

Тағы оқыңыз: АҚШ-тың жаңа зымырандары әлемге қандай қауіп төндіреді?

Айта кетейік, биыл Ресейдің заманауи әуе-зымыран қорғаныс кешені - С-400 Түркияға тасымалданады дегеннен бастап Анкара мен Вашигтон қарым-қатынасы шиеленісе түсті. 

АҚШ осы келісімнен бас тартуды талап етті. Оның орнына америкалық Patriot кешенін алсын деді.

Әйтпесе, F-35 жойғыш ұшақтарды мүлдем жеткізбейміз деп мәлімдеді. Оған қоса, санкция енгізетінін айтты. Анкара оған келіскен жоқ.

Жаңалықтар
0