Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады - 1-4 қаңтар.
Жексенбі, 5 қаңтарда қазақстандықтар жұмыс істейді. Дүйсенбі де (6 қаңтар) жұмыс күні болып саналады.
Сейсенбі, 7 қаңтарда қазақстандықтар православ христиандарының Рождество мерекесіне орай бір күн демалады.
Ал наурыз айында қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл айда қосымш 8 күн демалады: 7-9, 21-25 наурыз.
1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күні. 2020 жылы бұл мейрам жұмаға тұспа-тұс келгендіктен, ел тұрғындары бірден үш күн демалады (1,2,3 мамыр).
Отан қорғаушы және Жеңіс күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады - 7-10 мамыр.
Сондай-ақ астана күніне орай шілде айында тұрғындар үш күн тынығуға мүмкіндік алады - 4-6 шілде.
30 тамыз – Конституция күнінде де үш күн демалыс беріледі.
Осыдан кейін қазақстандықтар желтоқсан айында ғана кқп күн демалады. 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнінде тұрғындар бір күн, Тәуелсіздік мерекесінде төрт күн (16-19 желтоқсан) жұмыс істемейді.