АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Алматыда мас адам тапа-тал түсте жанжал шығарып, қалалық бағдардағы автобустардың бірінің доңғалағының астына жатып алды. Қоғамдық көлік жүргізушісі полиция келгенге дейін кабинада бостан-бос отыруға мәжбүр болды.
Куәгерлер Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында 15 желтоқсанда болған оқиға туралы Instagram-дағы kris_p_almaty тобында жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоролик авторының айтуынша, ішімдік ішкен ер адам жолға шығып, қалалық бағдардағы 73-ші автобустың алдында жатып алып, қоғамдық көлікті тоқтатып тастаған.
Тағы оқыңыз: Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды
Сондай-ақ, автор автобус жүргізушісі өздігінен ешқандай әрекет жасамағанын, бірден полиция қызметкерлерін шақырғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары бұзақыны автобустың астынан тартып шығарып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жеткізді.