Қоғам

Назарбаевтың кенже қызы желіде жазба жариялады

Жазылу
Yandex newsTelegram
Ол жазбамен өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөліскен болатын. Бұл мыңнан астам адамға ұнады

АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаева әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрам  мемлекетіміздің егемендігі мен қуаттылығының белгісі саналады. Біздің ең басты мерекеміз деп ойлаймын. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның ұлы тарихын жалғастырып келеміз. Осы жылдар аралығында елімізді әлем мойындады", - деп жазды ол.

Әлия Назарбаева әр үйге денсаулық, түсіністік, тұрақтылық пен татулық тіледі. 

Тағы оқыңыз: Әлия Назарбаева неге күн сайын сыйынатынын айтты

Сондай-ақ, Қазақстан президентінің телерадио кешені тәуелсіздіктің алғашқы күндерінің видеосын жариялады. Роликте өткен жылдардың сирек кадрлері қолданылған. 

"Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы күндерге дейін толағай табыстарға қол жеткізді. Ел тәуелсіздігінің әрбір жылы бізге ерекше мағынаға толы", - деп жазылған Instagram желісінде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Prezıdent Teleradıokeshenі (@ptrk.kz)

Жаңалықтар
0