НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан — Sputnik. Илья Ильин Польшада өткен кәсіпқойлар арасындағы армрестлингтен әлем кубогында үшінші орынға ие болды.
Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, ауыр атлет Илья Ильиннің аттасы 105 келі салмақ дәрежесінде қола медальді иеленді.
© Photo : управления физической культуры и спорта Акмолинской областиИлья Ильин армрестлингтен әлем кубогында қола медаль ұтып алды
![Илья Ильин армрестлингтен әлем кубогында қола медаль ұтып алды Илья Ильин армрестлингтен әлем кубогында қола медаль ұтып алды - Sputnik Қазақстан](https://sputnik.kz/img/1231/19/12311903_0:0:1200:1274_600x0_80_0_0_dc8e5c0dea3460ea3a2ec2e2c2a82da6.jpg)
Илья Ильин армрестлингтен әлем кубогында қола медаль ұтып алды
© Photo : управления физической культуры и спорта Акмолинской области
Бұл туралы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина хабарлады.
Ол жарысқа 30 елден 500-ге жуық спортшы қатысқанын атап өтті.
Ал танымал ауыр атлет Илья Ильин болса, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасымен бірге Доха қаласына барды. 19-24 желтоқсан аралығында өтетін Қатар кубогында өнер көрсетпек. Дохадағы турнирде Олимпиада-2020 лицензияларының тағдыры шешіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Илья Ильин 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.