НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Лондонда "Әлем аруы 2019" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. Конкурста 23 жастағы ямайкалық Тони-Энн Сингх жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тони-Энн Сингх - байқауда жеңіске жеткен екінші ямайкалық. Оның отандасы алғаш рет бұл титулға 1993 жылы қол жеткізген еді.
Жеңімпазға тәжді 2018 жылғы әлем аруы, модель Ванесса Понсе де Леон тақты.
Бірінші вице-мисс француз аруы Офели Мезино болса, екінші вице-мисс үндістандық Суман Рао атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Халықаралық сұлулық конкурсына Қазақстан атынан 20 жастағы Мәдина Батық қатысты. Ол "Қазақстан аруы" титулын биыл мамырда жыл сайынғы ұлттық сұлулық байқауында иеленген болатын.
Отандасымыз халықаралық конкурста Топ-40 қатарына кіре алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әлем аруы" байқауы 1951 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Бұған қоса, осы аптаның басында "Дүниежүзі аруы 2019" конкурсында Оңтүстік Африка Республикасының өкілі, 26 жастағы Зозибини Тунци жеңіске жеткені белгілі болды.