НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның басым аумағында ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын тоқтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Бұған қоса, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, ал түнде кей жерлерде қар мол жауады.
Республиканың кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ, жел мен бұрқасын сақталады.
Дауылды ескерту
Жексенбі күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Ал Қызылорда облысының кейбір аумақтарында көктайғақ сақталады, сондай-ақ жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Тағы оқыңыз: Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда 15 желтоқсанда күн бұлтты, жел 4 м/с дейін бәсеңдейді. Түнде термометр бағамы минус 19, ал күндіз минус 13 градусқа жетеді.
Алматы қаласында күн бұлтты болады, қар жауады. Түнде минус 9, күндіз минус 5 градус ауа райы қалыптасады.
Ал Шымкентте күн ашық. Термомтер түнде - 10, күндіз + 3 градусты көрсетеді.