Қоғам

1 қаңтардан бастап жәрдемақы беру тәртібі өзгереді

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа шығудан бас тартқан жағдайда өзі ғана емес, отбасы да атаулы әлеуметтік көмектен айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің тәсілдері өзгереді.

Жаңа тәсілдер АӘК-ті барынша ашық әрі әділетті етіп, адамдарды еңбекке ынталандырады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа жыл – 2020: Тоқаев ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемін бекітті 

Енгізілетін жаңашылдықтың бірі мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс табуға көмектеседі. Азаматқа немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Ол келісімін берген жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қойылып, АӘК төленеді. Алайда, еңбекке қабілетті азамат жұмысқа шығудан бас тартқан жағдайда өзі ғана емес, оның отбасы да АӘК-тен айырылады.

Дегенмен көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет сақталады. Осылайша, АӘК-тің жаңа тәсілдері көрсетілетін көмекті барынша әділ етіп, азаматтарды жұмысқа ынталандырады. Ал бұл азаматтарға өз әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетіледі.

Жаңалықтар
0