Оқиға

Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары іздеуде жүр

© Sputnik / Владислав ВодневОпоры для "Астана LRT"
Опоры для Астана LRT - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілінің пікірінше, қылмыстық схема шетелдік компаниялардың көмегімен жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан астанасында жеңіл рельсті көлік құрылысын салу кезінде миллиардтаған қаржыны жымқыру тәсілін ұйымдастырушылардың бірі елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков болған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте ведомствоның екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

"LRT құрылысы кезінде қаржыны жымқыру деректеріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып қалды. Тергеу барысында Астана әкімдігі, Астана LRT-ның лауазымды тұлғалары мен жеке компаниялар директорларының миллиардтарды ұрлау схемасына қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық схеманы елорда әкімінің орынбасары Сұлтанбеков пен Астана LRT басшысы Ардан қазақстандық және шетелдік компаниялардың көмегімен ұйымдастырған", - деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы бұл адамдар әкімдіктің басқарма басшылары Аманжолов пен Нұрпейісовтің қатысуымен 24 миллиард теңгеге шығындарды асыра көрсетіп, бекіткенін хабарлады. Бұл сомаға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңес беру қызметтерін ұсыну және техникалық қадағалау шығындары кірген.

"Бас тарта алмаймыз": вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты 

Қазір Қанат Сұлтанбеков, компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен мердігер ұйымдардың жетекшілерінің бірі Дәурен Әбдіхамитов халықаралық іздеуде жүр.

Айта кетейік, Талғат Арданға қатысты тергеу 2018 жылдың жазында басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері төрт жыл бұрын "Астана LRT" бюджетінен мердігер ұйымдардың бірінің есепшотына қолданыстағы лимиттен 125 миллионға асырып, 300 миллион теңгеден астам ақша аударылғанын анықтады.

Ол кезде "Астана LRT"компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ардан болған. Ол 2017 жылдың шілдесінде қызметінен алынған болатын.

Жаңалықтар
0