Қоғам

Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуВоеннослужащие в Сирии, архивное фото
Военнослужащие в Сирии, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Содырлардың арасында елге қайту жолдарын іздестіріп жүргендер аз емес, олар заң алдында жауап беруге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы лаңкестік топтарда жүрген қазақстандықтар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Штаб бастығының орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, бүгінде террористік ұйымдардың қатарына қосылған Қазақстан азаматтарының саны - шамамен 40 адам. Олармен бірге әйелдері, балалары және отбасының басқа мүшелері барлығы 65 адам жүр.

Тағы оқыңыз: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры

"Біз олардың бәрін білеміз. Қылмыстық істер қозғалды. Кейбір азаматтар бойынша әскери қақтығыс кезінде олардың қаза тапқаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Негізі, террористік ұйымдарға қосылған қазақстандықтардың басым бөлігі моральдық жағынан күйзелісте жүр. Олардың арасында елге қайту жолдарын іздестіріп жүргендер де аз емес. Олар заң алдында жауап беруге дайын. Алайда қылмыстық әрекеттерін жалғастыруға мүдделі жігіттер де бар", - деді Швейкин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде лаңкестік топтарға қосылуды көздейтін адамдардың транзитін тоқтатуға арналған шаралар қолға алынған. Мәселен, биыл Қазақстанда 31 адам ұсталып, өзге елдерге қайтарылды. Олардың барлығы террористік әрекет үшін іздеуде жүрген.

"Қазақстанда террористік қауіп әлі де бар. Ислам мемлекеті* халықаралық террористік ұйымы Сирия мен Ирак аймағында жеңілсе де, Аль-Каида* мен онымен байланысы бар шағын топтар террористік бастаманы қолға алуға дайын", - деп атап көрсетті Швейкин.

Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйымдар

Жаңалықтар
0