Қоғам

Қазақстанда үш террористік актінің жолы кесілді

© Photo : официальный сайт КНБ РКПредполагаемых террористов с боеприпасами задержали в Актобе
Предполагаемых террористов с боеприпасами задержали в Актобе  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар бүгінде халықаралық террористік ұйымдар интернет арқылы үгіт-насихатты азайтса да, радикалды көзқарасы бар адамдарды өз елінде терракт жасауға үндеп отыратынын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдары 7 радикалды топ пен 34 жеке азаматтың радикалды әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Антитеррористік орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, бүгінде халықаралық террористік ұйымдар интернет арқылы үгіт-насихатты азайтса да, радикалды көзқарасы бар азаматтарды өз елінде терракт жасауға үндеп отырады. Олардың сөзіне сенген Қазақстан азаматтары да бар.

"Биыл ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдары 3 террористік актіні дайындық кезінде анықтады. Радикалдар екі терактіні Алматыда іске асыруды көздесе, біреуін Қарағанды облысында жасамақ болған. Олардың бір бөлігі террористік ұйымдардың қатарына өтіп кеткен таныстардың сөзіне ерсе, басқалары өздігімен интернетте көрген материалдардың әсерінен радикализацияға түсіп қалған", - деді Швейкин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ұсталғандардан атыс пен травматикалық қару-жарақ, сондай-ақ, жарылғыш заттардың компонеттері тәркіленді.

Тағы оқыңыз: ҰҚК Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

"Олар құқық қорғау, діни, қаржы және ірі сауда ғимараттарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Кепілге адам алуды да ойлаған. Террористік актілерді дайындауға қатысқан барлық азаматтар 6-18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Жалпы, биыл 7 радикалды топ пен 34 жеке азаматтың радикалды әрекеті әшкереленді", - деп атап көрсетті Швейкин.

Жаңалықтар
0