Қоғам

Президент Сара Назарбаева мен Димашты марапаттады

© Sputnik / Болат ШайхиновГосударственные награды
Государственные награды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәуелсіздік күні қарсаңында түрлі салада өзінің еңбегімен көзге түскен бірқатар қазақстандық мемлекеттік наградалармен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында президент жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар, деп жазады Ақорда.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Тамара Асар мен Димаш Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семеноваға берілді.

"Отан" орденімен жазушы И.Жақанов, Alageum Electric холдингтік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы С.Қожабаев, Ақтөбе облысы Қазхром филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры В.Тиль марапатталды.

"Қазақстан республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен президент іс басқарушысының бірінші орынбасары А.Бисембаев марапатталды. 

І дәрежелі "Барыс" орденіне мәжіліс депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Елбасы кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы, "Бөбек" балалар қорының президенті С.Назарбаева, опера әншісі Б.Төлегенова ие болды.

ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен "ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат" КММ мұғалімі Р.Әзімбаева, ақын М.Айтхожа, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Есім, мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылық мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Н.Қыпшақбаев марапатталды.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденіне ақын, "Сәкен Сейфуллиннің мұражайының" директоры Н.Айтұлы, Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені" АҚ президенті Қ.Беркінбаев, тарихшы М.Қойгелдиев, сенат депутаты Т.Мұқашев, жазушы Қ.Салғараұлы және басқалар ие болды.

Тағы оқыңыз: Қандастарымыз тоқтаусыз жылады: Димаштың АҚШ-тағы концерті қалай өтті – видео

Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері "Парасат" орденімен бағаланды. Олардың арасында "Шымкент қалалық орыс драма театрының"  басшысы И.Вербицкий, "Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының  төрағасы Ж.Ерманов, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры С.Қасқабасов, Ақтөбе металл құрастыру зауытының директоры Қ.Қойлыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы «Ақселеу» ЖШС директоры С.Малаев, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Қ.Сәбденов, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі К.Темірбайұлы, қоғам қайраткерлері Е.Сакенова мен Е.Тарасенко, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешов, М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының солисі С.Шакрат, Қарағанды облысы "Алтай Полиметалы" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Р.Юн  бар.

ІІ дәрежелі "Достық" орденіне Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Вайнах" шешендер және ингуштер қауымдастығы басқармасының мүшесі Ю.Келигов, айтыс ақыны Ә.Қалыбекова, "Айнұры" татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы А.Халиков, Қарағанды қаласы LITUANICA қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Тварионас және басқалар ие болды.

"Құрмет" орденімен марапатталғандар қатарында ақын О.Әбділдаев, Түркістан облысы "Жетісай қосалқы мектеп-интернатының мұғалімі Ү.Әбдиев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті А.Әбиденқызы, Ақмола облысы "Алтындән" ЖШС директоры Қ.Байзақов, Алматы қаласы Қазақстан дүнгендерінің қоғамының төрағасы А.Войнце, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Г.Дәуірбаева, Қостанай облысы "Мелитопольское" ЖШС директоры Э.Двуреченский, танымал боксшы В.Демьяненко, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Ш.Имашев, Қызылорда облысы "Еңбек жер" ЖШС директоры Ш.Ысқақов, Петропавл қаласы Кардиологиялық орталығының бас дәрігері А.Мағзұмов, Шымкент қаласы "Болашақ" № 66 балабақшасының меңгерушісі Т.Мартыненко, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының механизаторы А.Назин, әнші С.Нұрмағамбетова, "Милосердие" ерікті қоғамы қайырымдылық қорының директоры, Қазақстан Республикасының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі А.Саин, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі Ү.Сейтімбет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Ә.Төлеубаев, Нұр-Сұлтан қаласы "Наз" мемлекеттік би театрының директоры С.Сраилов, Қарағанды қаласы "Жас сұңқар" спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Е.Шынкеев бар.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегерлері атанды. Ақмола облысы "Хлебороб" ЖШС механизаторы М.Боранбаев, Маңғыстау облысы "Жайлау" ЖШС бас шопаны Е.Өтесов, "ҚТЖ Жүк тасымалдау" АҚ филиалы Жамбыл пайдалану локомотив депосының жөндеушісі Н.Хомутенко және басқалар.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ", сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.

Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.

 

Жаңалықтар
0