Саясат

Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді – президент заңға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда вечером
Акорда вечером - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл сайын екі мемлекет шекарасындағы өткізу бекеттері арқылы 11 миллионға жуық адам мен 466 мың көлік өтеді екен

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Тағы оқыңыз: Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады

Бұған қоса, Тоқаев «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Екі заңның да мәтіні баспасөзде жарияланады.

Жаңалықтар
0