НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Дипломаттар зейнет жасына келгенде жұмысынан кетеді. Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев осылай деді.
Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толды. Бұл жаста елде ер адамдар зейнетке шығады. Әлеуметтік желіде саясаткердің алдағы карьерасы қызу талқыланып жатыр.
"Тасмағамбетовтің немен айналысатынын білмеймін. Мұны жетекшіліктен сұрау керек", - деді Нұрышев.
Ол дипломаттар мемлекеттік қызметші екенін айтты. Сондықтан олар елдің заңына бағынады. Алайда шешімді мемлекет басшысы қабылдайды.
Тағы оқыңыз: Мұғалім, премьер, елші: Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?
Sputnik Қазақстан тілшісі дипломат қандай жағдайда өз орнын сақтап қалды деген сұрақ қойды.
"Мұны мемлекет басшысы шешеді", - деді министрдің бірінші орынбасары.
Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанынан бері Қазақстанның Ресейдегі елшісі.