Саясат

Тоқаев "Ауыл" партиясының төрағасымен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана принял председателя партии "Ауыл" Али Бектаева
Президент Казахстана принял председателя партии Ауыл Али Бектаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуде еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. "Ауыл" партиясының төрағасы бірқатар ұсыныс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 

Кездесу барысында Әли Бектаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды қолдайтыны айтты.

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады
Тоқаев Ауыл партиясының төрағасымен кездесті - Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады

Сондай-ақ, кездесуде еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Әли Бектаев бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Партия басшысы президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмаларының өте өзекті екеніне тоқталды.

Ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныс айтты. 

Жаңалықтар
0