Өңірлер

Ақтауда үй жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Новоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша cотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда үй жанынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды өңірлік inaktau.kz сайты.

Жігіттің денесін тұрғындар бүгін таңертең төртінші ықшамауданда тапқан. Олар бірден полиция шақырды.

"Ер адам жақсы киінген. Біз не болғанын білмейміз. Мүмкін құлап кеткен шығар, мүмкін басқа жағдай болған шығар. Қан іздері жоқ", - дейді оқиға куәгерлері.

Болжам бойынша жігіт өз-өзіне қол жұмсаған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Еске сала кетсек, 30 қарашада Ақтауда сегізінші аудандағы пәтерлердің бірінен 18 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда туыстарынан 5 миллион теңге қарыз алған келіншектің мәйіті табылды

Жаңалықтар
0