НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғимараттан шығып, жылдам жүріп келе жатқанын көруге болады. Мемлекет басшысы қара Mercedes-Maybach маркалы көлікке отырып кетеді. Ал кортеждің басында мотоцикл мінген жеті полицей жүреді.
View this post on Instagram
Бірақ желі қолданушылары тағы бір нәрсені байқап қалды. Президенттің кортежі тұрса да, көшедегі халық емін-еркін жүр. Ал бір велосипедші тура Тоқаев отырған көліктің жолын кесіп, өтіп кетеді. "Велосипедші адасып жүр ғой", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, кеше, 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталған болатын. Қазақстан президентін Германия канцлері Ангела Меркель қарсы алды.