НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 2019 жылдың 7-9 желтоқсанына ауа-райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Бұл Қазақстан территориясы арқылы суық атмосфералық фронттардың жылжуымен байланысты.
"Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды. Бірақ тұман мен көктайғақ сақталады", - деп болжам жасады "Қазгидромет".
Бұған қоса, ауа температурасы біраз төмендейді, бірақ орташа көпжылдық көрсеткіштен жоғары болады.
Мегаполистердегі ауа райы
7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, жел 20 м/с дейін күшейеді. Түнде - 4, ал күндіз - 2 градус.
Алматыда күн ашық болады. Температура түнде 0, күндіз + 3 градусты құрайды.
Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Термомтер түнде + 1, күндіз + 10 градусты көрсетеді.
8 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар жауып, жел 7 желтоқсанға қарағанда 12 м/с дейін бәсеңдейді. Түнде және күндіз термометр бағамы минус 1 градусқа жетеді.
Алматы қаласында күн ашық болады. Түнде плюс 1, күндіз плюс 5 градус жылы ауа райы қалыптасады.
Ал Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Термомтер түнде + 1, күндіз + 13 градусты көрсетеді.
Тағы оқыңыз: Желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауды - синоптиктер себебін түсіндірді
9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты болады, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде - 2, күндіз - 3 градусты құрайды.
Алматыда күн ашық, термометр бағамы түнде - 1, ал күндіз + 6 градусқа жетеді.
Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Температура түнде плюс 6, күндіз плюс 13 градус.