Мәдениет

Димаш Құдайберген "Виктория" сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті – видео

© Sputnik / Григорий Сысоев Певец Димаш Кудайберген
 Певец Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген сахнада жетістікке жеткені үшін ата-анасына, сондай-ақ Игорь Крутойға алғысын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Жыл жаңалығы" аталымында жеңіске жетті, ал "Olimpico" әні оған "Классикалық музыкада жылдың әншісі" марапатын алуға мүмкіндік берді.  

Бұл туралы 5 желтоқсанда Кремль сарайының сахнасында өткен салтанатты рәсімнің қорытындысы бойынша белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Димаш Құдайберген қолдау білдірген ата-анасына, тыңдармандарына, "Olimpico" әнінің музыкасын жазған атақты ресейлік композитор Игорь Крутойға алғысын білдірді.

"Өте қуаныштымын! Маған дауыс бергені үшін ресейлік әріптестеріме және ән айтуға мүмкіндік берген барша әлемдегі тыңдармандарыма рақмет айтамын", - деп атап өтті Димаш.  

Классикалық музыка орындаушыларының арасында сыйлыққа үміткерлердің қатарында танымал әншілер Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмава, Анна Нетребко және Ольга Перетятко болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DimashDears_news (@dimashdears_news)

Салтанатты рәсім барысында Димаш көрермендерді "Знай"әнімен қуантты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DimashDears_news (@dimashdears_news)

"Виктория" музыкалық сыйлығы – кәсіби мамандар – музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары және журналистер өткен жылдың қорытындысы бойынша ең үздіктерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы сыйлық.

Жаңалықтар
0