НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та дәмханаға келушілер күн сайын жұмысқа барып-келу үшін бес сағат жаяу жүруге мәжбүр болған даяшыға автокөлік сыйлады, деп жазды The Daily Mail.
Оқиға Галвестон қаласында (Техас штаты) болды. Адрианна Эдвардс күн сайын бес сағат уақытын жолға кетіріп, 22,5 шақырым жаяу жүрген. Қыз көлікке ақша жинай бастапты, бірақ жалақысы тамақтан, басқа да шығындардан артылмаған.
Тағы оқыңыз: Даудың басы даяшы қыз. Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті
Басында қыз бұл әзіл деп ойлаған, бірақ ерлі-зайыпты оның күмәнін сейілтті. Енді Эдвардс жолда жарты сағат қана жүреді, сонымен қатар колледждегі оқуын ертерек бастай алады. Ол болған жағдайға әлі де сенбей жүргенін және әр екі сағат сайын шынымен де өз көлігі бар екеніне көз жеткізу үшін терезеден қарайтынын жасырмады.
Даяшыға қымбат сыйлық жасаған ерлі-зайыпты аты-жөнін айтқысы келмеді. Олар Адрианнадан біреуге жақсылық жасауды сұраған.