Саясат

Қытайдағы қазақтардың мәселесі: Тоқаев өз ойын айтты – видео

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiРешетка
Решетка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы этникалық қазақтарды лагерьлерге қамау жөніндегі ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының салдары екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан— Sputnik. Қытайдағы этникалық қазақтарға қатысты жағдай әдейі ушықтырылып отыр, деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Көптеген бұқаралық ақпарат құралы Шыңжаңда саяси тәрбиелеу лагерьлері бар екенін жазды. Ол жерде ислам дінін ұстанатын ұйғұрлар мен қазақтар тұрады. Осыған қатысты қытайлық тараппен келіссөз жүргізіліп жатыр ма? ", - деп сұрады Жанна Немцова мемлекет басшысынан.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай хабар тексерісті қажет ететінін атап өтті.

"Біріншіден, Шыңжаңда Қытай Халық Республикасының азаматтары тұрады. Құқық қорғау ұйымдары этникалық қазақтардың лагерьлерге қамалуына қатысты ақпаратты таратты. Бұл мәлімет тексерісті қажет етеді. Этникалық қазақтар төңірегіндегі жағдай әдейі ушықтырылып отыр", - деді Тоқаев Deutsche Welle-ге берген сұхбатында.

Ол бұл "геосаясаттың" бөлігі болуы мүмкін деген болжамымен бөлісті. Өйткені Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысы туындады.

"Келіссөздер қалай аяқталады, Қытайға қарсы санкция алып тасталады ма? Мұны уақыт көрсетеді. Бірақ Қазақстан жаһандық Қытайға қарсы аймаққа айналмауы тиіс", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Тоқаев астана атауының өзгеруіне қатысты сауалға жауап берді – видео

"Сіз лагерьлер туралы ақпаратқа сенесіз бе?" – деп сұрады Немцова.

"Мен бұл материалдар шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Мүмкін бірен-саран қазақ осы лагерьге түскен болар. Алайда халықаралық институттар мен ұйымдар көрсетіп отырғандай жағдай жоқ. Бұл, әрине, шындыққа жанаспайды", - деді Тоқаев.

Ол халықаралық келісімге сәйкес, Қазақстан мен Қытай бір-бірінің ішкі ісіне араласпайтынын жеткізді.

Жаңалықтар
0