НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия федеративтік республикасына ресми сапармен барады.
Сапар барысында канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі. Қазақстан және Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылады деп жоспарланған.
"Сапар бағдарламасына мемлекет басшысының президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, Германияның мемлекеттік органдары өкілдері, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді. Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады.
Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.