Қоғам

35°C аяз: синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚатты аяз, архивтегі сурет
Қатты аяз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, екінші және үшінші онкүндіктерде күн кезекті рет суытады. Кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет желтоқсан айындағы ауа райына консультативтік болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, оңтүстік циклонның әсерінен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерлерінде көбіне жаңбыр, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-25 м/с дейін күшейеді, солтүстік өңірлерде бұрқасындатады. Сондай-ақ, ауа температурасы көтеріледі.

"Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массалары ығысып, елдің басым аумағында бірқалыпты аяз болады", - делінген болжамда.

Осыған байланысты ауа температурасы құбылады:

  • батыста, солтүстік-батыста түнде -3...-13°C-тан  -8...-15°C дейін;
  • оңтүстік-батыста -3°C, күндіз -2°C...+3°C жылыға дейін;
  • оңтүстік-батыста +8°C-тан -2...-10°C суыққа дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде +3...+8°C-тан -5...-13°C суыққа дейін, ал күндіз +5...+15°C жылыдан 0...+5°C жылыға дейін;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -5...-15°C суықтан 0...-8°C дейін,  күндіз -3°C...+5°C-тан -2...-12°C дейін.

Екінші және үшінші онкүндікте күн кезекті рет суытады деп болжанып отыр:

  • оңтүстік-батыс жартысында түнде -10...-20°C, күндіз -5...-10°C;
  • солтүстік-шығыс жартысында түнде -20...-35°C, күндіз -10...-20°C.

Тағы оқыңыз: Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?

Қазгидромет консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай едәуір өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Жаңалықтар
0